20 Нау 2018
Наурыз Мейрамы
Наурыз – табиғаттың жаңарып түлейтін, қысқы ұйқысынан оянатын кезі, бұл күні мейірімділік орнап, жарық пен бірге жылулық тарайды, жер ана бусанып, көк шығып құстар ән салады, бұлақтар мен жылғаларға жан бітіп, сылдырап су ағады. Жер бетіне Жаңа жыл келеді.
Бұл күні біздің Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасында да Наурыз мейрамы аталып өтті. Басқарманың жұмысшылары ұлттық нақыштағы киімдер киіп, наурыз көже, бауырсақ, басқа да ұлттық тағамдарға толы мерекелік дастар